Атырау, 29 қараша 04:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Олар саудаласқан жоқ, бағаны жасанды түрде көтерді»

1 898 просмотра

27 қазанда Балықшыдағы ХҚКО ғимаратында қалалық жер аукционы өтті.

Нұрсая ықшамауданындағы №81 үйдің жанындағы небары 10 да 18 метр жер телімі рекордтық сома – 19 млн теңгеге сатылды. Кәсіпкер Бақыт ЫСҚАҚОВАҒА бұл сатып алғаны қуаныштан гөрі реніш әкелгендей. Ол осы сауда жүріп жатқанда телімге 18 млн теңге ұсынған жігітке барып: «Егер мен бас тартсам, осы жерді саған сатып алуға тура келеді. Бірақ сен сатып алмайсың ғой!», - деді.

- Мен аукционды заңсыз өтті деп есептеймін, - дейді Б. Ысқақова. – Аукцион алдында бізге саудаға нақты осы лотқа өтінім берген адамдар ғана қатысады деп айтты. Таңертең аукционға үш жүзге жуық адам келді. Аукционшы 25-лоттан басталатын өтінімдерді берген адам түстен кейін келсін деп хабарлады.

Мен №47 лотқа қатысқым келген, бірақ кетпедім. Ал көп адамдар кетіп қалды. Не болды дейсіздер ме? Таңертеңгілік саудаға қалған жұрттың бәрі қатысты. Көпшілігі он және одан да көп лоттарда ойнады. Олар саудаласқан жоқ, жасанды түрде бағаны көтерді. Бұл адамдардың баға көтеру үшін әдейі отырғандарына және бизнеске еш қатысы жоқ екеніне сенімдімін. Мен аукционды тоқтатуды талап еттім. Мәслихаттан, прокуратурадан және қалалық сәулет бөлімінен (соңғылары жер беруші болғандықтан міндетті түрде болуы керек еді) ешкім болған жоқ. Карта ілінбеді, сатып алуға келгендер қандай жерді алып жатқандарын да білмеді. Ал бағаны көтеріп отырғандарға бәрі бір, олар сондай тапсырыс алған.

Мен аукцион өткізу туралы ережені көрсетуді сұрадым. Маған 2003 жылғы Астана қаласы деп жазылған қағазды көрсетті. Біздің қаламыздың жер телімдері саудаға түсіп жатқан соң, ережені біздің қалалық мәслихат бекітуі керек емес пе?

Он жыл бұрын мен жер телімін 980 мың теңгеге сатып алдым, аукционға қатысу үшін 32 мың теңге төледім. Ал мұнда кіру небары мың теңге болды. Мен біреудің жеті сатып алушысын кіргізгенін айтып, мақтанып тұрғанын естідім.

Image 0- Бірнеше миллион теңге тұратын жер кімге керек?

- Иә, осындай қымбат болса, ешкімге керек емес. Саудадан кейін ұтқан сатып алушы ақша төлеуден бас тартады, содан кейін одан аз баға ұсынған... үшінші, төртінші адам да солай жасайды... Соңында аукцион өткізушілер барлығы бас тартты деп, жерді «өз адамына» 20 мың теңгеге береді. Осы сызба бойынша жұмыс жасап отыр.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қыдырқожа ДӘУЛЕТЯРОВ «аукционнан кейін қашан да наразылар көп болады» деп, бұл кінәлауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, аукцион туралы хабарландыру БАҚ беттеріне 6 қазанда шыққан. Заң бойынша барлық мүдделі азаматтар 15 күн ішінде жер қатынастары бөліміне келіп, құжаттамалармен танысу қажет. Аукционда әр лот бойынша құжаттамалар ұсынылды, онымен әр адамның танысуына мүмкіндік жасалды. «Аукционға келгендердің бәрінің саудаласуға құқығы бар, міне, осылай баға да өсті».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қазан 2015, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.