Атырау, 26 қараша 08:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

1 645 просмотра

Қырғызстанда жаңадан сайланған парламент – Жогорку Кенештің жұмысқа кірісуіне байланысты ел үкіметі отставкаға кетті. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жарлығы шықты деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Президент жарлығында жаңа құрамдағы парламенттің сайлануына байланысты, бұрынғы үкіметті жасақтаған коалиция парламенттегі көпшілік орын иегері деген мәртебесінен айрылғандықтан, Қырғызстан заңына сәйкес, үкімет отставкаға кеткен болып саналатыны айтылған.

Парламенттің жаңа коалициясы құрылып, үкіметтің жаңа құрамын жасақтап болғанша премьер-министр Темір Сариев пен оның орынбасарларына және үкіметтің өзге де мүшелеріне бұрынғы міндеттерін атқара беру жүктелген.

Қырғызстанда қазанның 4-і күні өткен сайлау нәтижесінде парламенткеалты партия өткен. Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы 38 мандат иеленіп, көш бастады. Өзге бес партия: «Республика Ата-Жұрт» - 28, «Қырғызстан» - 18, «Онүгүү-Прогресс» - 13 , «Бир Бол» - 12 және «Ата Мекен» -11 орынға ие болды.

Дереккөз: azattyq.org

28 қазан 2015, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.