Атырау, 8 қазан 07:51
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

АҚШ ИМ-ге қарсы құрлықта операция бастау әзір

1 312 просмотра

АҚШ Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы құрлықтағы әскери операцияларды бастауға дайын екенін білдірді.

Пентагон басшысы Эштон Картер сейсенбіде сенаттың қарулы күштер жөніндегі комиссиясындағы сөзінде, ИМ тобына қарсы күресте Вашингтонның өз одақтастарына жәрдем беруден бас тартпайтыны және әуеден бастырмалата соққы беруді бұрынғыдан да үдетумен қоса құрлықта операциялар жүргізуге дайын екені туралы мәлімдеген. Бұл туралы Картердің сөзінен үзінді келтірілген видеоны америкалық NBC телекомпаниясы сайтында жарияланды.

Әйткенмен Ресей Картердің сөзін Сирияда құрлықта операция басталатыны жайлы хабарлама деп санамайды деп мәлімдеген президент Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Дереккөз: azattyq.org

28 қазан 2015, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.