Еуроодақтың 2016 жылға арналған бюджетінде үшінші елдерге олардың аумағынан ЕО елдеріне ағылған босқындар келімін тоқтату мақсатында қаржылай қолдау көрсету үшін қажетті ақша бөлу мәселесі қарастырылмаған, деп мәлім етті сейсенбі күні ЕП бюджеттік комитетінің басшысы Жан Артюи.
«2016 жылдың бюджетінде Еуропа бетпе-бет жүздескен сын-қатерлердің түпкілікті себептеріне әрекет ету үшін тиісті қаржы жоқ. Жан-Клод Юнкер (Еурокомиссия өкілі – ред.) бүгін таңертең «айрықша жағдайды шешу үшін айрықша қаржы қажет» екенін еске салды. Әрине, бұл әдемі сөздер, бірақ қазір бізге нақты іс-қимыл қажет», - деді парламентарий.
Юнкердің айтуынша, ЕО «бір айдан бері босқындар мен олардың ағынына тап болған елдерге қолдау көрсету жөніндегі мақсатты қорға 2,3 млрд еуро құю туралы мүше-мемлекеттердің берген уәдесіне қол жеткізе алмай келеді», деп жазады РИА Новости.
«23 қыркүйекте мүше мемлекеттер жеткіліксіз қаржы қорын толтыруға уәде берген болатын. Екіжақты негізде ұлттық қорға әлі де 2,3 млрд еуро жетіспейді. Одаққа мүше елдер күні бүгінге дейін тек 486 млн еуро бере алатындары жөнінде мәлімдеді. Сәйкесінше, әлі үлкен қаржы керек. Қорды көбейту қажет», - деп ескерді Юнкер.
Frontex еуропалық шекара агенттігінің соңғы мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың бастапқы тоғыз айында Еуроодаққа 710 мыңнан аса мигрант келген. Еурокомиссияның мәлімдеуінше, әлемді жайлаған қазіргі көші-қон дағдарысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірісі болып табылады.
Дереккөз: bnews.kz
28 қазан 2015, 10:22
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.