Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарақшы әйелді өлтіруге дайын болған

3 044 рет қаралды

Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта айыпкер Н. Нысановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметі бойынша, Нысанов тонау мақсатымен Балықшы кентіндегі тұрғын үйге кіріп, үй иесі әйелі Ж.Ж.-ға күш көрсетіп, соққы жасап, теуіп, содан кейін бірнеше рет пышақ салған. Қылмыскер екінші бөлмеге кіріп, екінші құрбанды да аяусыз соққыға жыққан. Бұл уақытта Ж.Ж. үйден қашып шығып, көмек шақырады. Көмек келгенше қарақшы қашып кетеді.

Сот Нысановты ҚР ҚК-нің 179 және 96-баптары («Қарақшылық», «Адам өлтіруге әрекет жасау») бойынша айыпты деп танып, мүлігі тәркіленіп, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңдық күшіне енді.

Қарақшылық құрбандары аман қалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 қазан 2015, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.