Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ауғанстанда тағы да жер сілкінді

2 771 рет қаралды

27 қазан күні кешке Ауғанстанда 5,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісінде Алматы уақытымен 27 қазан күні сағат 19:14-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 861 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 11.6.

Магнитудасы MPV 5.7.

Эпицентр координаты 37.03° с.е. 70.81° ш.б.

Тереңдігі – 200 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Ауғанстанда 7,5 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болып, 115 адам көз жұмды, 530-ы жарақат алған.

Дереккөз: bnews.kz


28 қазан 2015, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.