Атырау, 26 қараша 05:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қытайда банк тонаған миллиардер тұтқындалды

1 390 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыскер арам жолмен тапқан ақшасын жеке бизнесіне салып, уақыт өте келе ақшалы алпауыттардың біріне айналған.

Хэнань провинциясы қытайлық Чжумадянь қаласының полициясы Ши атты миллиардерді тұтқындады, ол тергеу деректеріне сәйкес 16 жыл бұрын банк тонаған.

Полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлағандай, жылжымайтын мүлік саласында жағдайын жақсартқан олигархты бір апта бұрын ұстаған, алайда ол бүгін ғана белгілі болды. Онымен бірге полиция оның үш сыбайласын қолға түсірді. Соңғы қатысушыны үш күн кейінірек ұстаған.

Олар ұрлықты 1999 жылғы 5 желтоқсанда жасаған. Қаскүнемдер екі миллион юаньды (320 мың доллар) алып кеткен. Мұның салдарынан екі банктік клерк зардап шекті. Сол кезде елдің жағасын ұстатқан қылмыс бүгінге дейін ашылмаған еді.

Тергеушілердің пікірінше, Ши ұрлық жасауға бастамашылық еткен.

Дереккөз: inform.kz

28 қазан 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.