Атырау, 26 қараша 05:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінің құрбандарының саны 500 адамға жетті

2 559 просмотра

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ – Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінің құрбандарының саны 500 адамға жетті, деп хабарлады шетелдік БАҚ-тар.

Мысалы, Ауғанстанда жер сілкінісінің құрбандарының саны кем дегенде 263 адамға жетті. Ал Пәкістанда 228 адам қаза болып, 1 мыңнан астам адам жарақат алды. Сондай-ақ үндістанның Кашмир аймағында екі адам қаза болғаны айтылады.

Адам шығыны арта түсуі мүмкін.

Еске салсақ, жер сілкінісі 26 қазанда жергілікті уақытпен 14,09 сағатта Гиндукуш тауларында болды. Жер сілкінісінің ошағы Фейзабад қаласынан (Бадахшанның ауған провинциясында) 82 км жерде орналасты. Жел сілкінісінің дүмпуі Үндістанның солтүстігінде, Пәкістанда, Непал мен Бангладеште сезілді.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қазан 2015, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.