Атырау, 29 қараша 04:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әскер – жақсы мектеп...

8 727 просмотра

Атырауда еліміздің басқа өңірлеріндегідей екі жылдан бері ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі (ӘТМ) жұмыс істейді.

Онда 40 күн ішінде түрлі себептер бойынша әскер қатарына шақырылатын жасқа жеткен кезде әскер қатарына бара алмаған 22-27 жастағы жастар әскери билет ала алады. Тегін емес, 263 мың теңге төлеу керек.

– Бірақ бәріне емес, ниеті мен ақшасы бар жандар үшін біз ӘТМ-ге оқуды қамтамасыз ете аламыз, - дейді Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімінің бастығы Андрей БЕЛЯЕВ. - Әлдебір себептер бойынша кейінге қалдырылғандарға артықшылықтар беріледі. Мәселен, отбасылық жағдайына байланысты: әскер қатарына шақырылушылардың бірінің сәбиі дүниеге келіп, оны мерзімді қызметке алмаған болса, бірақ ол әскери билет алғысы келсе, онсыз, мәселен, полицияға жұмысқа алмайды. Тағы бір жайт, ӘТМ-ге оқығысы келетін жігіт келсе, біз алдымен мерзімді қызмет жасағын орындауға тиіспіз, содан кейін ғана оны ӘТМ-ке аламыз ба, жоқ па, шешетін боламыз. Сондықтан ол әскер қатарына алынуы мүмкін.

Егер кімде-кімге осы (теміржол вокзалының маңында орналасқан) мектепке оқуға түсу бақыты бұйырса, онда оны 40 күн казармалық режим, тактикалық, саптық, оқ ату даярлығы, әскери өмірге тән нәрселер күтіп тұр. Оқудан кейін ол сол жерден запастағы қатардағы жауынгер болып шығып, мерзімді қызметтен өткендегі секілді сондай үлгідегі әскери билет алады.

ӘТМ-тегі оқу әскерді алмастыра алмайтынын айта кеткім келеді. Толық бір жыл қызметті, әрине, алмастыруға болмайды. Алайда әскери қызметтің қыр-сырын меңгеруге болады, - деп нақтылады А.Беляев. – Мәселен, курсант қызметтің келісім шартын бұзса, оны оқудан шығарады. Егер бітіру емтихандарынан құласа, онда ақша төлегеніне қарамастан әскери билет ала алмайды.

2015 жылы Атырау облысында шақырту қағазы бойынша әскери комиссариатқа дәлелді себепсіз келмегені үшін 112 адамға әрқайсысына 5 АЕК-тен айыппұл салынды, содан кейін «жалтарғандарды» қызмет етуге жіберді. Осы айыппұлмен олар ҚР ӘҚтК 647-бабына («Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы») сәйкес жазаланды. Айтпақшы, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Қылмыстық кодексінде бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салудан бастап бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастыратын «Әскери қызметтен жалтару» деген 387-бап бар. Егер жалтарушы өзiнiң денсаулығына көрінеу зиян келтірсе, аурумын деп жалған сылтауратса, жалған құжат жасаса 3 000 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады. Және ең маңызды ескерту: әскер қатарына шақырылушы егер тергеу органдары істі сотқа бергенге дейін шақыру пунктіне өз еркімен келсе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Анастасия ПАСТУХОВА

27 қазан 2015, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.