АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қытайлық юаньді резервтік валюта қатарына жатқызуға дайын.
Қор юань негізінде өзінің есептесу бірлігін құратын болады, деп хабарлайды www.24.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.Агенттіктің мәліметінше, ХВҚ мамандарының баяндамасында «юаньді резервтік валюта кәрзеңкесіне енгізу жөнінен оң қорытынды жасалған». Алайда ХВҚ-да жақпай қалған әрекеттерді болдырмау құқығына ие Құрама Штаттар бұл жаңалыққа сенімсіздікпен қарайды. Сондай-ақ ХФҚ директорлар кеңесі келесі айда баяндаманы қолдағанның өзінде юань тек 2016 жылғы қазаннан бастап ғана резервтік ақша құрамына ене алады, деп жазады ТАСС.
Дереккөз: inform.kz