Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің Өзбекстанға сапары барысында жалпы сомасы $8,5 млрд болатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды КазТАГ.
«Жалпы сомасы $8,5 млрд үстіндегі бірлеске инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді, оның ішінде $5 млрд-қа жуық салым Жапония үлесіне тиесілі», - деп мәлім етті келіссөздер қорытындысы жөнінде Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов.
Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету және кеңейту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды, деп атап өтті келіссөздер қорытындысы туралы брифингте Өзбекстан басшысы.
Жапония премьері С.Абэ мәлімдегендей, оның ішінде тасымалдау, логистика, есірткі бизнесімен күрес және мемлекеттік шакараларды бақылау туралы келісімдер бар.
Сапар шеңберінде отын-энергетикалық, химия және электротехникалық салалар, автомобиль құрастыру, телекоммуникация саласына қатысты жобалар да қарастырылды.
Дереккөз: КазТАГ Фото: gazeta.uz