24 қазанда «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 30-туры аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары 1:1 есебімен тең ойнады.
20 минутта «Ақтөбе» ойыншысы Виктор ДМИТРЕНКО бұрыштама доп шығару кезінде есеп ашты. 12 минут өткеннен кейін «Атырау» құрамындағы сенегалдық легионер Абдуллай ДИАКАТЕ есепті теңестірді. Ойынның қалған уақыты алаң иелерінің толассыз шабуылымен өтсе де, бұл маусымдағы үздік ойындардың бірі болды десек те, таблодағы сандар өзгермеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ