Атырау, 2 маусым 14:06
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Комедия актері Джимми Моралес Гватемала президенті болып сайланды

1 727 рет қаралды

Гватемалада өткен президенттік сайлауда комедия актері Джимми Моралес басым дауыспен жеңіске жетті. Бұрын-соңды мемлекеттік қызметті атқарып көрмеген үміткер сайлаушылардың 70%-ға жуық дауысын иеленді, деп хабарлайды Prensa Libre.

Президенттік сайлауда 30,38% дауыс жинаған оның негізгі бақталасы Сандра Торрес жеңілгендігін мойындады. Естеріңізге сала кетсек, Гватемаладағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 6 қыркүйекте өтті. Ал соған дейін елдің президенті Отто Перес Молина жемқорлыққа қатысты шыққан ірі жанжалға байланысты түрмеге қамалды. Молинаның отставкасынан кейін Гватемала вице-президенті Алехандро Мальдонадо мемлекет басшысы қызметін уақытша атқару үшін ант қабылдады, деп жазады newsru.com.

Дереккөз: 24.kz

26 қазан 2015, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.