Атырау, 8 қазан 07:49
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Миллион жарым парамен ұсталды

2 380 просмотра

20 қазанда Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер департаментінің қызметкерлері Жылыой аудандық ТКШ бөлімінің басшысын 1,6 млн теңге мөлшерінде пара берді деген күдікпен ұстады.

Пара облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманына тендерді жүргізгенде оң шешім шығару үшін берілмек болған.

Жылыой аудандық ТКШ бөлімінің басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-тармағы («Аса көп мөлшерде пара беру») бойынша және облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманына ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-тармағы («Аса көп мөлшерде пара алу») бойынша екі қылмыстық іс көтерілді. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, тергеуге байланысты басқа ақпараттар жарияланбады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қазан 2015, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.