"Теңізшевройл" бас директоры Тим МИЛЛЕР. Фото "АЖ" мұрағатынан.Тим МИЛЛЕР «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры лауазымынан 1 қарашадан бастап кетеді.
Бұл қауесет көптен бері айтылып жүр, алайда ТШО баспасөз қызметінің атынан оның қызметкерлерінің бірі Светлана ҚАЙЫРҒАЛИЕВА 14 қазанда біздің сұрағымызға: «Ақпарат жоқ» деп мәлімдеп, ТШО-ның баспасөз үшін ең жабық компания екендігін тағы да растаған еді.
Бізге Атырауда бес жыл жұмыс жасағаннан кейін (ол осы лауазымда 2010 жылдың қыркүйегінде өзінен бұрынғы бас директор Тодд ЛЕВИДЫҢ орнын алмастырған болатын) Миллердің Алматыдағы «Шеврон» бөлімшелерінің бірінің басқарушысы ретінде Қазақстанда қалатындығын анықтау мүмкін болды.
ТШО-ның жаңа бас директоры болып, өндірістік мәселелер бойынша жауап беретін Миллердің қазіргі орынбасары Теодор ЭТЧИСОН тағайындалмақ.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА