Атырау, 23 қараша 05:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ұйқыңыз тыныш болсын, астероидтен қауіп жоқ»

2 802 просмотра

Image 0Фото: rus.azattyq.org31 қазанда орын алатын оқиға туралы ақпарат ғаламторды дүрліктірді. Астрономдардың есептеулері бойынша, мөлшері футбол стадионындай болатын ірі ТВ145 астероиды біздің ғаламшардан 500 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді екен. Ғарыштық өлшем бойынша – бұл жанап өткенмен бірдей. Қауіптенген жөн бе? Осы сұрақты біз Фесенков атындағы Астрофизикалық институт (Алматы қаласы) зертханасының меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер Виктор ТЕЙФЕЛЬГЕ (суретте) қойған едік.

Бізді тыныштандыру үшін Виктор Германович ерінбей, бүкіл дереккөздерді ақтарып, ТВ 145 туралы толық әңгімелеп берді.

– Бұл астероид қандай? – деп, әлдебір қағаздарды шытырлатып, желінің ар жағында клавиатураны тықылдата отырып, түсіндіре бастады.

– Оның диаметрі шынымен де үлкен емес – 470 метр. Мұндай үлкен астероидтарды әдетте Марс пен Юпитер орбиталарының арасынан табуға болады. Ол жердегілердің бәрі негізінен ірі болып келеді...

– Қалай ойлайсыз, оны неліктен Жермен ара қашықтықтың ең жақын болуына 21 күн қалғанда - кеш анықтады?

– Мұндай, мәселен, дене күн жақтан ұшып келген кезде болады. Мұны бірден анықтау қиын. Ал Жерге жақын болуына келер болсақ, сізге айтайын, ол сондай жақын ұшып өтпейді...

– Астероид Жерден 499 мың шақырым қашықтықтан өтеді. Бұл жерден Айға дейінгі 1,3 қашықтықпен тең болады. Бұл сонда жақын емес пе?

– Бізде жақындау және соқтығысу қаупінің арнайы кестесі бар. Мәселен, бұл астероид қызғылт түспен белгіленген. Бұл салыстырмалы түрде (ғарыштық ауқымда) Жерге жақын жерден ұшып өтеді, бірақ біздің ғаламшарымызға қауіпті емес деген сөз. Ал егер ол қызыл түспен белгіленген болса, онда абыржи бастауға болатын еді. Жалпы интернетте соңғы кездері осы тақырыпта көп мазаланатын болған, бірақ бұл бекер. Қазір әдейі қарап отырмын... Тек қазанда салыстырмалы түрде Жерге жақын маңнан бес астероид ұшып өтеді: 130 метрлік TD144 және 26 метрлік TZ143. Біріншісі 20 қазанда өткен, екіншісі 22-сінде... 27 қазанда 52 метрлік TL238-ді, 29-да 42 метрлік UH-ны күтіп отырмыз. Және 31-інде күтіліп отырған осы алып ТВ145. Енді қалай болады? Әрқайсысына абыржуымыз керек пе? Мен санамалап шыққандардың ішінде қызғылтпен тек екеуі - TZ143 мен TB145 белгіленген. Басқалар туралы айтатын ештеңе жоқ. Неліктен қызыл емес, тек қызғылтпен белгіленді? Өйткені, қайталап айтамын, олар өте жақыннан ұшпайды. Танымал ТВ145 денесінің көлеміне қатысты дүрлігіс туындап отыр. Салыстырар болсақ, Челябинск метеоритінің көлемі 17 метрден аспады.

– Ал жылдамдыққа қатысты не айтасыз? Челябинск метеориті секундына 19 шақырым жылдамдықпен қозғалды. Ал бұл алып – секундына 35 шақырыммен қозғалады. Ал егер бір сәтте ол сол UH-мен соқтығысып, ұшу бағытын өзгертсе ше?

– Соқтығыспайды. UH мүлдем басқа жермен өтеді. Жалпы, қауіп жоқ. Ұйқыларыңыз тыныш болсын.

Анастасия ПАСТУХОВА

23 қазан 2015, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.