«АЖ»-ға жаңа жеке бас куәлігін алу қажеттігі жөнінде соғылатын қоңыраулар жиілеп кетті. Оқырманардың сұрағына Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының айрықша тапсырмалар бойынша инспекторы Алмагүл САРСЕКЕНОВА жауап берді.
- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖСН-і бар, бірақ электронды чипі жоқ куәлікпен зейнетақы бермейді дегені рас па?
- Бұл жалған, зейнеткерлердің барлығы ақшаларын қазіргі құжаттарымен ала береді.
- ЖСН-і бар, бірақ электронды чипі жоқ куәлікке ие ҚР азаматы келесі жылдан бастап нақты қандай мемлекеттік қызметтерді қолдана алмайтынын атап шығыңызшы.
- Барлық мемлекеттік қызметтер (ХҚКО-дан анықтама алу да) Қазақстан азаматы туралы ақпараттардың электронды тасығышы – чип арқылы жүргізілетінін белгілейтін заң жобасы әзірленіп жатыр деген әңгіме бар, алайда әлі қабылданған жоқ, сондықтан да бұл сұраққа жауап беру мүмкін емес. Әзірге Қазақстан азаматтары ХҚКО-дан құжатты чипсіз куәлікпен ала алады.
- Чипті куәлік алудың қажеттілігі құқық қорғау органдары ел бойынша Қазақстан азаматтарының есептік базасын сәйкестендіріп жатырғандығымен байланыстырады, бұл рас па?
- Бізде мұндай ақпарат жоқ.
- ЖСН-і бар, бірақ электронды чипі жоқ куәлікке ие Атырау облысының тұрғындарының саны қанша?
- Нақты санын айта алмаймын, өйткені біз мұндай мониторинг жасамаймыз. Айта кетсек, биыл шілде, тамыз, қыркүйек айларында ескі куәліктерді жаңа чипті куәліктерге ауыстырудың артықшылықтары туралы тұрғындарға жеткізу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Болашақта қиындықтар болмас үшін жасадық. Алайда бұлар ұсыныс сипатында ғана айтылды.
- Чипсіз куәліктер жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жүре бере ме?
- Иә.
- Бүгінде ескі куәлікті жаңаға ауыстырудың бағасы мен дайын болу мерзімі қандай?
- Қарапайым тәртіппен (15 күн) куәлік ауыстыру 396 теңге 40 тиын тұрады.
Анастасия ПАСТУХОВА