Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Отанында 25 жылға сырттай сотталған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Минскіде өзінің естелік кітабының тұсау кесерін өткізді, деп жазады беларустық БАҚ-тар. Хабарда айтылғандай, бұл Қ. Бакиевтің соңғы 5 жылдан бері көпшілік алдына тұңғыш рет шығуы екен.
Қ. Бакиев кітабын таныстыру барысында соңғы 5 жылда тыныш өмір сүріп, БАҚ беттерінде ешқандай түсініктемелер бермегенін айтты.
«Мен соңғы 5 жылда ешнәрсеге араласпадым, үнсіз болдым, сіздер оны білесіздер», - деді ҚР экс-президенті.
Қ. Бакиев Дрозд қаласында тұратынын, қаржылық жағынан тапшылық көрмейтінін, себебі «өмір бойына еңбек еткенін» айтып берді. Бұл ретте ол Беларусия президенті Александр Лукашенкомен өте сирек сұхбаттасатынын, себебі ол саясатпен қолы босамайтынын мәлім етті.
Экс-президенттің айтуынша, ол естелік мемуарларын жазуды 2014 жылы қарашада бастапты, ал 2015 жылы жазда ол дайын болған, бірақ сол кезде Қырғызстанда парламенттік сайлау өтіп жатуы себепті ол кітапты басып шығармапты.
Хабарда айтылғандай, Қ. Бакиевтің «Менің Қырғызстаным: жанға батады, махаббат пен үміт» атты кітабы Ресейде 2 мың данамен, орыс және қырғыз тілдерінде шықты. Қырғызстанның экс-президенті осылайша Қырғызстанның қазіргі билігінің айыптауларынан тазарғысы келгенін қадап айтты. Бұл ретте ол Қырғызстанда 2010 жылғы наразылық акциясына қатысушылардың қазасына байланысты өзін қылмыстық қудалауды Қ. Бакиев «саяси тапсырыс» деп атады.
Еске салсақ, Қ. Бакиев Қырғызстанда 2010 жылғы 7 сәуірдегі төңкеріс нәтижесінде тақтан тайдырылды. Оппозиция жақтаушылары Бішкектің орталық алаңында Үкімет үйінің жанында, президент әкімшілігі орналасқан маңайда демонстрация ұйымдастырды.
Митингішілер Қ. Бакиевтің отставкасын талап етті, кейбіреулері ғимарат ішіне кіруге талпынды. Оған жауап ретінде Үкімет үйінің күзеті ереуілдеушілерге қарсы оқ атты. Оппозицияның құқық қорғау күштерімен арадағы болған қақтығысынан 82 адам қаза болып, 1,5 мың адам жараланды. Осы оқиғалардан кейін елдегі билік оппозицияға өтіп, ал Қ. Бакиев ел аумағын тастап кетті.
Бірқатар қылмыстарға қатысы бар, атап айтқанда бейбіт азаматтардың өліміне қатысы бар деп айыпталған соң, оған халықаралық іздеу жарияланды. Оның бауырлары да Қырғызстан ҚК бірнеше бабымен айыпталды, атап айтқанда бейбіт азаматтарды өлтірген деп айыпталды. Қазіргі кезде Бакиевтің бауырлары елден тыс жерде тұрады. Қ. Бакиев Беларусиядан саяси баспана алды. 2013 жылы ақпанда ол Бішкек гарнизонының Әскери сотымен мүлкі тәркіленіп, 24 жылға сотталды. 2014 жылы 4 сәуірде сот Қырғызстанның бұрынғы президентін АҚШ азаматы Шон Дейлиді өлтірпек болғаны үшін 25 жылға сырттай соттады.
Дереккөз: ҚазТАГ