Атырау, 26 қараша 05:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бішкекте қашқын экстремисті ұстау кезінде екі бейбіт тұрғын қайтыс болды

2 259 просмотра

Бішкектің "Достук" ықшамауданында аса қауіпті қылмыскер, түрмеден қашқан экстремист Алтынбек Итибаевты ұстау операциясы кезінде арнайы жасақтың бір сарбазы мен екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ мамандары хабарлады.

Кеше кешке Қырғызстан милициясына қашқын экстремистің "Достук" ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде тығылып жатқаны туралы шұғыл хабар жетті. Аталған аймақ қоршауға алынды. Тұрғындардың жартысы эвакуацияланды.

Арнайы операция кезінде қылмыскер қарулы қарсылық білдірді. Оның қолында Калашников автоматы болған, ол қарсылық білдіріп, дәлдеп оқ жаудырды. Мәліметтер бойынша, экстремист Итибаев атуды жақсы меңгерген. Атыстың салдарынан арнайы жасақтың бір қызметкері қаза тапты. Сонымен қатар, қылмыскер жасырынып жатқан пәтерге көршілес орналасқан пәтердегі екі тұрғын қайтыс болды. Алтынбек Итибаевтың көзі жойылғаннан кейін пәтерден жарылғыш зат табылды, мамандар оны жарып, жойып жіберді.

ҚР ІІМ мәліметінше, арнайы операция кезінде милиция капитаны Толобек Исмаилов қаза тапты, ол 1978 жылы туылған. Оның артында үш баласы қалды. Исмаилов ішкі істер органында 14 жылдан аса уақыт жұмыс істеп, өзін жауапты кәсіби қызметкер ретінде көрсете білген. Ол ІІМ элиталы құрылымдарында еңбек етіп, бірқатар арнайы операцияға қатысқан. Толобек Исмаиловқа көптеген сыйлықтар мен құрмет грамоталары табыс етілген, капитанда барлығы 34 марапат болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 қазан 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.