Атырау, 26 қараша 05:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ВЦИОМ: Путинді қолдайтындар 90 пайызға таяды

1 478 просмотра

Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (ВЦИОМ) жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, елде Ресей президенті Владимир Путиннің саясатына қолдау білдіретіндер үлесі бұрын-соңды болмаған деңгейге өскен.

ВЦИОМ жария еткен зерттеу материалдарында Путинді қолдайтындар үлесі жаңа рекордтық көрсеткішке – 89,9 пайызға жеткені айтылған. Бұған дейін, 2015 жылдың маусымында тіркелген Ресей президенті қолдаушыларының орташа айлық көрсеткіші – 89,1 пайыз деп жарияланған болатын.

ВЦИОМ сарапшыларының сөзінше, «Ресей президенті мұншалықты биік деңгейдегі қолдауға ең әуелі Сириядағы оқиғаларға, ресейлік әуе күштерінің террористерге соққы беруіне байланысты ие болып отыр». ВЦИОМ өкілдері өткен аптада осы оқиғаларды респонденттердің 26 пайызы «басты оқиға» деп атағанын келтірген.

Сонымен бірге әлеуметтанушылар Путиннің жұмысын бағалау бір жарым жылдан астам уақыттан бері 80 пайыздың үстінде екенін айтып отыр. Путиннің рейтингі 2014 жылы Ресей Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алған кезден өсе бастаған.

Дереккөз: azattyq.org

22 қазан 2015, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.