Ақ үй Мәскеудің Сирия президенті Башар Асадты қызыл кілем төсеп қабылдағанын сынады.
АҚШ президентінің баспасөз қызметкері Эрик Шульц "өз халқына химиялық қару қолданған Башар Асадты қызыл кілем төсеп қарсы алу - Ресейдің Сириядағы саяси тұрақтылық орнатқысы келетін сөзіне қарама-қарсы әрекет" деді.
Сирия президенті Башар Асад 20 қазан күні Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинге әскери қолдауы үшін алғыс айтты. Сириядағы азамат соғысы 2011 жылы басталған еді.
Дереккөз: azattyq.org