Атырау, 28 сәуір 06:47
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оқиғалар тізбегі

2 987 просмотра

15 қазан күні кешкісін Құрманғазы-Тайманов көшелерінің қиылысында орын алған ЖКО себептерін тексеру барысында сараптама Лада Прирора жүргізушісінің мас болғанын анықтады. Сонымен қатар ол ЖКО-дан бір апта бұрын әкімшілік соттың шешімімен 9 айға көлік жүргізу құқығынан айрылған екен.

***

Қалалық ІІБ криминалдық полициясы пәтерлерге ұрыға түскен деген 24 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі («Бірнеше рет жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматқа Досмұхамедов, Гурьевская, Абай, Азаттық және Тельман көшелеріндегі пәтерлердегі бес ұрлық және ұрлық жасауға оқталу бойынша айып тағылды.

***

19 қазанға қараған түні белгісіз жас жігіт бұзақылық ниетпен Құрманғазы көшесінде орналасқан кафенің жанындағы тұрақта тұрған «Мицубиси-Паджеро» көлігінің әйнегін сындырған. Жәбірленуші - 27 жастағы Жұмыскер ауылының тұрғыны келтірілген зиянды 50 мың теңгеге бағалады. Қалалық ІІБ жедел басқарма орталығының бақылау камераларының көмегімен бұзақының жеке басы анықталды. Ол Нұрсая ықшамауданының 20 жастағы тұрғыны екен. Оны жол-патруль қызметі ұстады. Тергеу жүруде.

***

19 қазанға қараған түні 22 жастағы қала тұрғыны Авангардтағы кафенің унитазын сындырған. Полиция бұзақыны ұстады.

***

Полицияға 54 жастағы қала тұрғыны хабарласты: үш жыл бұрын ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер және жер учаскесін алып беруге көмектесемін деген 50 жастағы танысына 12 мың доллар ақша берген екен. Алайда жәбірленуші ештеңе алмаған. Тергеу жүруде.

***

Құлсары қаласының тұрғыны полицияға 19 қазанға қараған түні інісінің пәтеріне терезе арқылы түсіп, мультиварка, ет тартқыш және тоңазытқыштан азық-түліктерді ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген зиянды туысы 60 мың теңгеге бағалады. Тергеу жүруде.

22 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.