Атырау, 27 сәуір 21:22
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Үш жылдан соң ұстады

2 077 просмотра

Жылыой аудандық соты осыдан үш жыл бұрын ұрлық жасаған ұрылар тобына үкім шығарды.

Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ хабарлағанындай, 2012 жылы Қызылорда облысының екі тұрғыны - Ш. Б. мен А. Х. Құлсары қаласына келіп, ауқатты адамдардың үйін тонамақ болады. Олар жергілікті тұрғын М. У.-дың көмегімен әрекет еткен. М.У. нақты мекенжайларды көрсетіп отырған. Осылайша Құлсары қаласының бір тұрғынының үйінен бағалы киімдер мен ақшаны ұрлаған. Бұл үйден ұрланған заттардың жалпы сомасы 71 млн 465 мың теңгені құрады.

Осы факт бойынша 2012 жылы ҚР ҚК-нің 175-бабының 4-тармағымен («Ұрлық») қылмыс-тық іс қозғалған болатын. Алайда, қылмыскерлер ұсталмағандықтан, іс өндірістен қысқартылады.

- 2015 жылы жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде қылмысқа күдіктілер Ш.Б. мен А.Х. ұсталды. Кейін Құлсары қаласының тұрғыны М.У.-ның да қылмысқа қатыстылығы анықталады. 5 қазан күні Жылыой аудандық сотында 7 жылдан 8,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, - деп хабарлады аудан прокурорының орынбасары Ж.Қаражанов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.