Қызылқоға
Миялы ауылында 175 млн теңгеге салынған 10 үй пайдалануға берілді. Құрылысты жүргізген – «Қарасай-СтройСервис» ЖШС.
Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕ-ТОВТЫҢ мәліметінше, бұл үйлер бюджеттік мекемелер – прокуратура, АІІБ қызметкерлеріне және Қызылорда облысынан Миялыға жұмыс істеуге келген екі дәрігерге арналған.
***
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабар-лағандай, биыл облыста мал азығын дайындау жоспары 100 пайыздың үстінде орындалған. Демек, бұл 549 мың тонна пішен деген сөз.
Облыстық ауыл шаруашылы-ғы басқармасы басшысының м.а. Серік СӘРСЕКЕНОВТЫҢ айтуынша, аудандар арасында пішен дайындау бойынша Индер және Қызылқоға аудандары көш бастап тұр.
Құрманғазы
Ганюшкин ауылындағы жалғыз демалыс саябағының күрделі жөндеуі жүріп жатыр. Бұл саябақ ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған болатын.
Саябақтың жөндеу жұмысы Каспий Құбыр Консорциумы компа-ниясының демеу қаржысына жүргізіліп отыр.
Жұмысты осы жылы бітіру жоспарлануда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА