Сайлауда жеңіске жеткен Канада либералды партиясының көшбасшысы Джастин Трюдо елдің әуе күштері ТГИЛ содырларына қарсы әскери операцияға қатыспайтындығын мәлімдеді, деп жазады Vesti.az.
Үкімет төрағасы ретінде өткізіп отырған алғашқы баспасөз мәслихатында Д.Трюдо тілшілерге бұл жағдай Канада мен АҚШ президенті Барак Обама арасындағы диалогтың бір түрі болғандығын айтты. Айта кетерлігі, Трюдо аталған шешімнің қай күні күшіне енетінін дөп басып айтпады.
Дереккөз: 24.kz