Аргентиналық Пуэрто-Игуасу қаласының мэрі болуға үміткер Мануэль Альварес сайлауалды пікірталас уақытында инфарктен қайтыс болды.
АСТАНА, 21 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Аргентиналық Пуэрто-Игуасу қаласының мэрі болуға үміткер Мануэль Альварес сайлауалды пікірталас уақытында инфарктен қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.
NTN24 арнасының мәліметінше, 57 жастағы Мануэль Альварес сұрақтар раундынан кейін өзін жайсыз сезінген. Саясаткер ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Пікірталас қала мектептерінің бірінде өткен.
25 қазанда Аргентинада президенттік сайлау өтеді, сондай-ақ бірқатар провинцияларда губернаторлар мен мэрлер сайланады.
Дереккөз/фото: newskaz.kz