ТМД елдері саммиті барысында мақұлданған құжаттар шекараны терористік қауіптен тиімді қорғауға сеп болады.
Саммит қортындысы бойынша өткен Астана-Мәскеу бейнекөпірі кезінде сарапшылар осылай деді. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Бурабайда бас қосқан 8 елдің басшысы 16 құжатқа қол қойды.
Олар: Халықаралық терроризмен күрес туралы мәлімдеме 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы, сыртқы шекарадағы дағдарысты жайттарды реттеу үшін шекаралық және басқа да ведомстволық топтар құру туралы шешім және 2020 жылға арналған сыртқы шекарадағы қауіпсіздікті күшейту бағдарламасы. Ресейлік сарапшылар «терроризмге қарсы күреске негізделген Қазақстан бастамаларын уақытында қабылданған шешім», - дейді. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Ислам – терроризмге қарсы» халықаралық форумы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін маңызды рөл атқарады. Ресейдің арнайы қызметі ТГИЛ атты экстремистік топ құрамында 7 мың ТМД азаматы бар дейді. Алайда тәуелсіз сарапшылар шын мәнінде бұл сан 5-6 есе артық деп санайды.
Владимир Евсеев, әскери маман:
- Біз бүгінгі мүмкіндіктерімізді кеңейтуіміз керек. Жаңа мемлекеттерді тартып, күресудің жаңа форматтарын ойластырумыз қажет. Бұл тарапта Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары өте маңызды.
Андрей Казанцев, РФ СІМ талдау орталығының директоры:
- Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше емес елдер де бұл жағдайға алаңдаулы. ТМД елдері шеңберінде қол қойылған жаңа құжат енді Қауіпсіздік ұйымына кіретін Қазақстан, Ресей сынды елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Мұндай шешімді біз құптаймыз.