Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) "Алтын доп" сыйлығына үміткер 23 футболшыны атады, - деп хабарлайды "Р-Спорт".
Тізімге Испаниялық "Барселона" клубының алты ойыншысы кіріп отыр. Ал мадридтік "Реал" командасынан бес футболшы іріктелген. Осынша футболшы мюнхендік "Бавария" клубынан да шығыпты.
23 футболшының толық тізімі келесідей: Андреас Иньеста, Хавьер Маскерано, Лионель Месси, Неймар, Иван Ракитич, Луис Суарес (барлығы - "Барселона"); Гарет Бэйл, Карим Бензема, Криштиану Роналду, Тони Кроос, Хамес Родригес (барлығы - "Реал"), Роберт Левандовский, Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Арьен Роббен, Артуро Видаль (барлығы - "Бавария"); Серхио Агуэро, Кевин де Брейне, Яя Туре (барлығы - "Манчестер Сити"), Эден Азар ("Челси"), Златан Ибрагимович (ПСЖ), Поль Погба ("Ювентус"), Алексис Санчес ("Арсенал").
Ұлттық құрамалардың капитандары, бапкерлері, сонымен қатар БАҚ-тар анықтайтын үш финалист 30 қарашада хабарланады. Марапаттау рәсімі 2016 жылдың 11 қаңтарында Цюрихтегі гала-кеште өтеді. Айта кетейік, өткен жылы жүлдені Португалия ұлттық құрамасының және мадридтік "Реал" командасының форварды Криштиану Роналду алған еді.
Сонымен қатар, жылдың үздік бапкері атағына үміткерлердің тізімі жария болды. Оған мына бапкерлер кіріп отыр: Массимилиано Аллегри ("Ювентус"), Карло Анчелотти ("Реал" командасының бұрынғы бапкері), Лоран Блан (ПСЖ), Унаи Эмери ("Севилья"), Хосеп Гвардиола ("Бавария"), Луис Энрике ("Барселона"), Жозе Моуринью ("Челси"), Хорхе Сампаоли (Чили құрамасы), Диего Симеоне ("Атлетико") және Арсен Венгер ("Арсенал").
Үздік бапкердің аты-жөні де 2015 жылдың 11 қаңтарында белгілі болады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Дереккөз: tengrinews.kz