Атырау, 26 қараша 05:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Стамбұл полицейлері ИСИМ мектебін анықтады

1 620 просмотра

Стамбұл полицейлері бүлдіршіндерді лаңкестікке баулып келген ИСИМ мектебін анықтады. Содырлардың ордасы Анкарада жасалған лаңкестік актіден кейін ауқымды рейд жүргізу барысында анықталған, деп хабарлайды Bnews.kz.

Рейд кезінде 50-ге тарта адам қолға түскен, олардың басым бөлігі Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген жасөспірімдер.

Gazetevatan.com басылымының хабарлауынша, қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан лагерде жаттығу жұмыстары жүріп жатқан. Жаттығудан кейін балалар Ирак пен Сириядағы соғысқа аттануы керек болған. Лаңкестер балаларға әскери дайындықтан бөлек, радикалды ислам мен ИСИМ-нің ішкі тәртіптерін оқытып жатқан.

Дереккөз: bnews.kz

20 қазан 2015, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.