Deutsche Bank-тің валюта сату бөлімінің қызметкері мүлт кетті. Ол қателесіп, АҚШ-тағы жеке қорлардың біріне $6 млрд аударып жіберген.
Абырой болғанда, қателік келесі күні анықталып, ақша банктың есепшотына қайтарылды, деп хабарлайды Financial Times. Германияның ірі банкі болған оқиға туралы британиялық Қаржылық бақылау орталығы, Еуропалық орталық банк пен АҚШ-тың Федералды резерв қорына хабарлап, әлемдік қаржылық қауымдастықты біраз дүрліктірген деп жазады russian.rt.
Дереккөз: 24.kz