Сәуір айында біз «Жайыққа су аз келеді» жарияланымына «Жайықтың түбі көрінді. Су көп болатын жылдары қол жетпейтін жерлерді қоқыстан тазарту керек» деген коментаримен фотосурет салғанбыз. Осыдан кейін редакцияға қалалық әкімдіктен телефон соғып, суреттің қай жерден түсірілгенін сұрады. Алайда бұған дейін өр суы келіп, су астындағы қоқыстар көрінбей қалды. Қазір өзен суы қайтты, сол жерде баяғы жағдай: ескі тегіршектер, темір қалдықтары...
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ