АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Чьяпас штатында су астынан көне шіркеу шықты. Болжам бойынша, оны испандық отарлаушылар XVI ғасырда салған.
Шіркеу елде болған құрғақшылық және су қоймасының таяздануы салдарынан су бетінен көрінген.
Дәл қазіргі сәтте Несауалькойотль су қоймасындағы су деңгейі әдеттегіден 25 метрге төмендеген. Соңғы рет бұндай көрініс 2002 жылы қайталанған екен, деп жазады шетелдік БАҚ.
Дереккөз: inform.kz