Атырау, 26 қараша 05:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

4 миллион адам Сириядағы дағдарыс кесірінен үйлерін тастап босып кеткен

1 649 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 миллион адам Сириядағы дағдарыс кесірінен үйлерін тастап босып кетті. Бұл туралы Италияда іссапарымен жүрген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун хабарлайды, деп жазады khabar.kz.

Дағдарыс пен соғыстан қашқан жұрттың нөпірінен, әсіресе көршілес Ливан, Иордания, Түркия мен Ирак аса қатты зардап шегуде. Бүгінде Ливан тұрғындарының төрттен бірі - сириялық босқындар.

Айта кетейік, Сирияда 2011 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр. Салдарынан 2 миллион тұрғын шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж. Тағы жарты миллионнан астамы Кәрі Құрлық елдерінен саяси баспана сұраған. Жалпы Еуродақта мигранттарға қатысты туындаған ахуал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең күрделі дағдарыстардың біріне айналып отыр.

«Сол себепті бүгінде әлемдегі 60 миллион адамды босқынға теңеуге болады, - дейді Пан Ги Мун.

Босқындар мәселесі қазір басты назарда. Қазір біздің елімізде де 700-ге жуық босқын тұрып жатыр. Экономика және бейбітшілік институтының сараптамасы бойынша Қазақстан биыл 162 елдің ішінде бейбітсүйерлігі бойынша 87-орынға шығыпты.

Көші-қон полициясы департаментінің мәліметінше, олардың дені тәжік, хазар, өзбек, араб және басқа да ұлт өкілдері. Басым бөлігі Ауғанстаннан келгендер. Сондай-ақ аз да болса Сирия, Эфиопия, Самалидан жеткендері де біздің елде бейбіт ғұмыр кешіп жатыр. Олардың барлығы әлеуметтік көмекке ие.

Дереккөз: inform.kz

19 қазан 2015, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.