Испания корольдігінің Қорғаныс министрлігі осылай мәлімдеді.
Осы ретте таратылған ресми коммюникеде былай делінген: «Ауғанстаннан испан әскерилерін шығару операциясы аясында Гераттағы Испанияға қарасты барлық сарбаздар мен құрал-жабдық толықтай көшіріліп, ауған жерінде тек 20 испан офицері қалады».
Жалпы Пиреней корольдігінің әскерилері Испания Конгресінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда берген рұқсатына сәйкес Гераттағы әскери база мен әуежайды күзеткен еді. Сондай-ақ Испания әскери-әуе күштері 27 қазанға дейін Ауғанстаннан 2 мың тоннаға жуық түрлі жүкті өз еліне алып ұшады, деп хабарлайды espanarusa.com.
Дереккөз: 24.kz