Атырау, 28 сәуір 13:33
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Шкода» Молдағұлова көшесіндегі үйге соғысты

2 561 просмотра

17 қазанда түс әлетінде Молдағұлова мен Жарбосынов көшелерінің қиылысында ЖКО орын алып, нәтижесінде автокөлік тұрғын үйдің қабырғасына соғысты.

- Балалар теңертең спорт мектебіне кеткен еді, ал әйеліміз екеуміз шаруамызға байланысты үйден шыққалы жатыр едік. Әйелімнің қонақ бөлмеден шыққаны сол еді, қатты тарсыл естілді, - дейді Молдағұлова көшесі, №202 үйдің иесі Ғабит ЕСІРКЕПОВ. – Үйдің қабырғасы қирап, әйнектер сынды, терезе жақтаулары да қисайған. Дәл сол уақытта бөлмеде ешкімнің болмағаны жақсы болды. Алайда, қайда түнейміз, не істейміз, әзірге білмеймін.

ЖКО орнына келген жол-патруль қызметінің қызметкерлері комментарий беруден бас тартты. Ал куәгерлердің айтуынша, қара «Шкода» Жарбосынов көшесі бойымен қалалық саябаққа қарай жүріп бара жатқан, ақ «Лада Приора» басты Молдағұлова көшесімен келе жатқан. Олар қиылыста соғысып, «Шкода» Молдағұлова көшесінен бір шыққан және тұрғын үйдің қабырғасына соқтығысқан. «Ладаның» жүргізушісін «жедел жәрдем» көлігімен алып кетті.

Бұл осы қиылыстағы бірінші жол-көлік оқиғасы емес. Осы жылдың қаңтарында бұл жерде «Кіа» мен «Toyota Hilux» көліктері соқтығысып, соққының қатты болғаны соншалық, пикап электр желісінің бағанын құлатты, нәтижесінде баған Молдағұлова көшесі, №213 үйдің шатырына құлаған еді. Ал 2013 жылдың қазанында Toyota Land Cruiser жолсыз көлігі мен «Теңізшевройл» компаниясының автобусы соқтығысып, автобус Молдағұлова көшесі, №211 үйдің ішіне кіріп кетіп, үй иесі ауруханаға түскен болатын.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор және А.Кендіров

19 қазан 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.