Атырау, 29 қараша 04:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Арнайы жастар үшін (және статистика)

4 369 просмотра

Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау филиалында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ қатысуымен брифинг өтті.

ТЕКСЕРУЛЕР КӨП, СОЛАЙ БОЛУЫ ТИІС

М.Қалауидың айтуынша, қазір өңірімізде «Атырау облысы жастарының төлқұжаты» жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Қазіргі таңда облыста 14 пен 29 жас аралығындағы 154 343 адам тұрып жатыр – бұл өңірдің барлық тұрғынының төрттен бір бөлігінен сәл артық. Сауалнамаға 1000 адам қатысты. Зерттеуге сәйкес, респонденттер жеке бастарының амандығын отбасы бақытымен байланыстырған. Олардың ойларынша, отбасын құру үшін ыңғайлы жас шамасы – 20-25 жас. Қажетті ақпараттарды жастар ғаламтордан алғанды жөн санайды. Көпшілігі қарым-қатынас орнату үшін негізінен әлеуметтік желілерді пайдаланады: біреулері қажетті ақпараттарды іздесе, кейбіреулері бос уақыттарын өткізеді, көпшілігі жаңа таныстар мен достар тауып жатады.

Ең өткір әлеуметтік мәселе болып баспана жағдайы қалып отыр. Респонденттердің тек 10 пайызының жеке баспанасы бар. Жастар бетпе-бет келетін негізгі қиындықтар - «Қолжетімді баспана» бағдарламасына қатысу үшін қажет бастапқы қаржының жоқтығы және жер телімін алудағы қиындықтар. Бизнеспен айналысуға қорқыныш пен кәсіпкерлік қабілеттердің (34) жоқтығы, қаржының жетіспеуі (29 пайыз), жастар кәсібін қолдау туралы ақпараттың болмауы (17 пайыз) кедергі келтіруде.

ҮЕҰ-дардың мемлекет бөлетін қаржыны қалай жұмсайтындығы туралы сұраққа жауап бере отырып (олардың кейбіреуі, шынына келгенде, қалың жұртшылыққа таныс емес) М.Қалауи 11 ұйымның жастармен байланысты 19 жобаны жүзеге асыру үшін 70 млн теңге алғанын хабарлады. Соның ішінде көгалдандыру, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді әлеуметтендіру және т.б. бағдарламалар да бар.

- Тендерлер бойынша ақпараттар ашық, оларға сұраныс жіберуге болады. Жыл соңында барлық ҮЕҰ жүргізген жұмыстары туралы біздің ресми сайтымызда егжей-тегжей есеп береді. Әрине, мемлекеттік тапсырыстан бас тартатын да мекемелер бар, олар біздің есептемелерді көп сұрататынымызды сылтауратады. Алайда заң осылай. Басқарма жұмыс жасаған үш жыл ішінде бізді 6 рет ревизиялық комиссиядан бастап прокуратураға дейінгі түрлі инстанциялар тексерді.

САНДАРҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР

Басқарманың басым міндеттерінің бірі – жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Жыл басынан бері осы мәселе бойынша көмек сұрап ауылдық жерлерден 2443 адам, Атырау қаласынан 2647 адам өтініш түсірді. Ал 2015 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жастар іс-тәжірибесіне бөлінетін квота күрт қысқарды. Егер былтыр Атырау облысында жастар тәжірибесінен, шамамен, 1600 адам өтсе, биыл бар-жоғы 180 адам. Осыған байланысты жергілікті бюджеттен тағы 180 жас маманға квота бөлу үшін 21 млн теңге бөлінді.

Ресми түрде Атырау облысы жастары арасындағы жұмыссыздық 2,1 пайызды құрайды. «АЖ» жағдайдың шынымен қалай екенін біліп көруге тырысты.

- Бұл сандар көпшіліктің күмәнін туғызады, мүмкін, жағдайды жүз пайыз анықтап бере алмас, алайда арнайы әдістеме бойынша мамандар шығарған мәліметтер осындай, - деп жауап берді М.Қалауи.

Журналистерді, сонымен қатар, қомақты қаржыға салынып жатқан жастар мен оқушылар сарайының құрылысы қаншалықты маңызды екені қызықтырды. Ол 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

- Сарай «Шеврон» корпорациясының қаржысына салынуда. Және Сарай жұмыс істейтін бағдарламалар пилоттық режимде таяу арада, құрылыс аяқталмай тұрып-ақ жүзеге аса бастайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.