Атырау, 26 қараша 05:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2020 жылға дейінгі ТМД елдерінің әскери ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды

1 526 просмотра

2020 жылға дейінгі Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды.

АСТАНА, 16 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. 2020 жылға дейінгі Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы, сонымен қатар 2016-2020 жылдарға арналған сыртқы шекарадағы шекаралық қауіпсіздікті күшейтудегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Сонымн қатар, сыртқы шекарадағы дағдарысты жайттарды реттеу (жою) үшін бағытталатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекаралық және басқа да ведомстволарының топтарын құру туралы шешімге қол қойылды.

Қазақстанда Бурабайда жұма күні ТМД саммиті өтуде. Күнтәрбіне 17 сұрақ қойылған.

Тараптар сондай-ақ, Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы миграциялық процестерді құқықтық қмтамасыз ету туралы» шешім, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің территорияларында бірлескен жедел тергеу тобын құру тәртібі және оның қызметі туралы келісім, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері басшыларының кеңесін құру туралы келісімге қол қойды.

Дереккөз: newskaz.kz

16 қазан 2015, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.