Барак Обама алдағы уақытта Ауғанстандағы америкалық әскери қызметкерлердің санын қысқартпайды.
2016 жылдың аяғына дейін мұнда 9800 сарбаз қала бермек. Олардың саны тек 2017 жылы ғана 5500 адамға дейін азаятын болады. Әскерилерді ел астанасы Кабулдан басқа Баграм, Джелалабад және Кандагар қалаларында қалдыру жоспарда бар. Оларды асырауға АҚШ бюджетінен жылына 14,5 миллиард долларға дейін бөлінуі мүмкін. Айта кетейік, 2014 жылдың аяғына дейін америкалық жауынгерлер Ауғанстанда әскери операция жүргізген. Қазір сарбаздар жергілікті қауіпсіздік күштеріне кеңес беріп, оларды үйретумен шектеліп келеді.
Дереккөз/фото: 24.kz