ЕЭК Еурокомиссияға сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі диалог туралы ұсыныспен хат жолдады.
ЕЭК баспасөз хатшысы Станислав Зуев мәлімдегендей, комиссия болашақта бұл бастаманың арқасында ЕАЭО мен ЕО арасында бірыңғай экономикалық кеңістік құру идеясы талқыға салынуы мүмкін деген үмітте, деп жазады РИА Новости.
Бұған дейін РФ СІМ басшысының орынбасары Алексей Мешков ЕЭК алқасының төрағасы Виктор Христенко 13 қыркүйек күні Еурокомиссия басшысы Жан Клод Юнкерге ЕАЭО мен ЕО арасында интеграциялық процестер турасындағы ұсыныспен хат жолдағанын мәлімдеген еді. Зуев «естелік хаттың» шынымен де Юнкерге жіберілгенін атап өтті. Бұл алдын ала жоданған хат, келісім жобасы емес, яғни заң тұрғысынан ешқандай күші жоқ құжат, деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, ЕАЭО мен ЕО арасында саяси контекссіз сауда-экономикалық қатынастарды жолға қою қажет.
Әзірге Еурокомиссиядан хаттағы ұсынысқа қатысты қандай да бір жауап келмеген.
Дерееккөз: bnews.kz
16 қазан 2015, 10:24
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.