Атырау, 29 қараша 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Коммуналдық апат ескертті

2 262 просмотра

14 қазан күні, шамамен, сағат 22-де әлеуметтік желілерде Самал ықшамауданында апаттық газдың шығуы туралы хабарламалар пайда бола бастады. Осы уақыт арасында Атырау қаласының оң жағалауындағы кейбір аудандарда газ беру тоқтатылды.

«АЖ»-ға қалалық әкімдіктің диспетчері Нұрсая, «Атырау» ықшам аудандары, Жұмыскер ауылы, Боран Нысанбаев көшесі (бұрынғы Пролетарская) тұрғындарынан газдың жоқтығы туралы шағымдар түскенін хабарлады. Диспетчердің айтуынша, «бұл газдың шығуымен жауапты қызметтер айналысып жатыр».

Шамамен түн ортасына таман апат жойылып, газбен қамту қалыпқа келтірілді.

Бұл жағымсыз жағдайды қалалық коммуналдық қызметтер ескерту ретінде қабылдау керек, себебі, аязды күндері кенеттен газ тоқтап қалса, тұтас ықшамаудандардың жылу жүйелері істен шығуы мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2015, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.