Атырау, 9 қаңтар 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 508.91
€ 594.36
₽ 6.33

«Әлеуметтік нан» 5 теңгеге қымбаттады

3 322 рет қаралды

14 қазанда Атырауда «әлеуметтік нанның» бір бөлкесінің бағасы 45 теңгеден 50 теңгеге өсті.

«АЖ»-ға қалалық әкімдіктің кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ хабарлағанындай, билік бағаны көтеруге рұқсат бермеген.

Алайда қарсылық та білдірмеген сыңайлы.

- Атырауда 45 теңгелік бір бөлке нанның бағасы жеті жыл бойы өзгермеген, бұл уақытта газ да, электр қуаты да, су да қымбаттады, - деді Қ.Тұрғанов. – Қалалық әкімдік биылғы жылы наубайханаларды бір келісі 54 теңге тұратын «әлеуметтік ұнмен» қамтамасыз етіп отыр, былтыр бұл баға 51 теңге болған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2015, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.