Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – «Ислам мемлекеті» мұнайдан күніне $1,5 млн пайда табады, деп жазады «Ведомости» газеті.
«АҚШ бастаған коалицияның әлсіздігі Ресейге Сирияда өзінше әскери әрекеттер жасауға сылтау болды. Бірақ осы әрекеттердің барлығы ИМ бизнесінің дамуына ешқандай кедергі келтіріп отырған жоқ. Олар мемлекеттік мұнай компаниясын еске салады», - деп жазады газет.
Хабарда айтылғандай, Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» терроршылары бақылайтын аумақта кем дегенде 9 мұнай кеніші бар. Ал мұқият басқарылатын «ИМ мұнай компаниясы» белсенді түрде білікті мамандарды – инженерлерден бастап нұсқаушыларды, менеджерлерді, оның ішінде шетелдерден де шақырып, жұмысқа тартып отыр. Мысалы, жергілікті трейдерлері мен инженерлерінің бағалауынша, ИМ бақылауындағы аумақта мұнай өндірісі күніне 34-40 мың баррель болып отыр.
«Терроршылар тура кеніштің өзінен мұнайды $20–45/барр. бағамен сатып, ол күніне кем дегенде $1,5 млн пада табуға мүмкіндік беріп отыр», - делінген мақалада.
Бұл ретте Алепподағы сириялық көтерілісшілердің командирлерінің біреуі майдан шебінде ИМ күштерімен соғысып жатса да, өздеріне дизель отындарын ИМ-нан сатып алуына тура келіп отырғанын айтады.
«ИМ-нан мұнай бизнесі кетуі де мүмкін. Толассыз бомбалаулар мен мұнай бағасының арзандауы кіріске де әсерін тигізуде. Бірақ әзірге ең басты қауіп – сириялық көне мұнай кеніштерінің сарқылуы. Исламшыларда мұнай өндірісін арттыратын технологиялар жоқ», - деп жазады газет.
Дереккөз: ҚазТАГ