Атырау, 26 қараша 05:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Малайзиялық MH17 апатына қатысы бар қылмыскер әлі де іздестірілуде

1 309 просмотра

Малайзияның Азаматтық авиация департаменті MH17 апатына қатысы бар қылмыскерді іздестіру жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Аталған департаменттің Бас директоры Сери Ажаруддин Абул Рахманның айтуынша, осы уақытқа дейін Австралия, Бельгия, Малайзия мен Нидерланды, Украина тараптары бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізіп келген, деп жазады bernama.com. Жақында Голландияның Қауіпсіздік кеңесі халықаралық азаматтық авиация Конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес, қайғылы оқиғаның орын алу себептері мен техникалық аспектілерін атап, есеп берген болатын.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, Қауіпсіздік кеңесі былтыр Украинаның шығысында Boeing 777 тікұшағының MH17 рейсі «бук» зымыран кешенімен атып түсірілді деген болжамды растады. Айта кетейік, былтыр Malaysian Airlines компаниясының MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурге аттанған 298 адам түгел қаза тапқан болатын. Олардың – 283-і жолаушылар,15-і – экипаж мүшелері.

Бортта Малайзия, Нидерланды, Австралия, Индонезия мен Ұлыбритания, Германия, Бельгия және Филиппин, Канада, Жаңа Зеландия азаматтары болған.

Дереккөз: 24.kz


15 қазан 2015, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.