Атырау, 26 қараша 05:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Apple компаниясына өзгенің технологиясын заңсыз пайдаланды деген айып тағылды

1 267 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мэдисон қаласының соты Apple компаниясына айып тақты. Сот шешіміне сәйкес, компания Висконсин университетінде ойлап табылған технологияларды заңсыз пайдаланды деп айыпталды, деп жазады planet-today.ru.

Әзірге компанияның келтірілген залал үшін төлейтін өтемақы сомасы белгісіз. Алайда, судьяның бұл мәселе бойынша алдын ала шешіміне сәйкес, сома шамамен 862,4 миллион долларды құрайды.

Алқа билер шағымданушы ұсынған патентті растады. Атап өту керек, сотқа Висконсин штаты Университеті түлектерінің зерттеу қоры шағымданды.

Мұнда процессордың жұмысын оңтайландыру технологиясы жайында сөз болып отыр. Ол смартфон мен өзге де гаджеттердегі энергия шығынын едәуір төмендетеді. Бұл технологияға қатысты патент 1998 жылы ресімделген. Түлектердің зерттеу қоры Apple компаниясын А7, А8 және А8Х процессорларын жасағанда технологияны заңсыз пайдаланды деген айып тақты.

Дереккөз: inform.kz

15 қазан 2015, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.