Атырау, 19 мамыр 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

2 617 просмотра

7 қазанға қараған түні Ганюшкино ауылында белгісіз біреулер азық-түлік дүкенінің темір есігін бұзып кіріп, 6 мың теңге, бес «Activ» кәртішкесін және 11 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған. Ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

*****

«Шалқыма» супермаркетіндегі спорттық киімдер бутигінен 38 мың теңге тұратын күртеше ұрланды. Күдікті 27 жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

*****

8 қазанға қараған түні полиция патрулі «Геофизика» АҚ гаражынан темір құбырлар ұрлап жатқан екі жас жігітті ұстады. Бірнеше сағаттан кейін полиция қызметкерлері Сәтпаев даңғылы бойындағы мектептердің бірінің ауласынан осындай ұрлық жасап жатқан 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүріп жатыр.

*****

Жұмыскерде 10 қазанда кешке 30 жастағы ер адам тоналды. Тонаушылар күш көрсетіп, оның 51 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған. Қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын мен 24 жастағы Исатай ауданының тұрғыны ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

*****

11 қазанда Электр тауарлар дүкенінен 27 жастағы қала тұрғыны кір жуу машинасын алып, ақша төлеуді ұмытып кетіпті. 63 мың теңге тұратын заттың жоғалғанын байқаған сатушылар полицияға хабарласты. Кір жуу машинасы дүкенге қайтарылды. Тексеру жүріп жатыр.

*****

Полиция №8 маршрут автобусының ішінде 16 жастағы оқушының қалтасынан 5 мың теңге, жеке бас куәлігі және банк кәртішкесін суырып алған 25 жастағы қалта қағушыны ұстады. Тергеу жүріп жатыр.

15 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.