Атырау, 29 қараша 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жылу: ПИК-тер 15-ін күтуде

1 504 просмотра

Атырау қаласындағы жылу беру ахуалы жайлы «Атырау жылу желілері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ хабарлайды.

- Балабақша, мектеп және емдеу мекемелеріне жылу биылғы жылдың 1 қазанынан бастап берілді. 12 қазан күні таңертең барлық әлеуметтік нысандар және көпқабатты 383 тұрғын үй жылумен қамтылды. 14 қазан күні таңертең 647 үйге жылу қосылды. Жылу орталығына 162 үй қосылған жоқ. Алайда біздің тарапымыздан кідірістер болған жоқ.

- Ал 162 үйге не болған?

- Кідірістің негізгі себебі – кейбір ПИК, соның ішінде, «Жаңаша», «Бәйтерек-Алаңы», «Әділ», «Олжа», «Талғатжан», «Уют», «Шағала» ПИК өкілдерінің жылуды 15 қазанға дейін беруді қаламауында. Сонымен қатар олар үйлерді жылумен қамтуға қосу процесінің технологиясы бойынша әр үйдің жылу желілерін қалыпқа келтіру – ауасын шығарып, айналысын реттеу - белгілі бір уақытты талап ететінін ескергілері келмейді. Бір күнде екі жүз үйге жылу беру мүмкін емес!

- Жылу маусымына басқаларымен салыстырғанда дұрыс дайындалмаған ПИК-тер мен үйлердің мекенжайларын атаңызшы.

- Бұл «Гүл» ПИК-і – Азаттық даңғылы, 90, 92, 131 үйлер; «Мұхамбет» ПИК-і – Авангард, 3 ықшамауданындағы 48 және 53 үйлер; «Бәйтерек Алаңы» ПИК-і – Азаттық даңғылы, 71; «Әли» ЖК – Махамбет көшесі, 118 «а», «б» «в», Абай көшесі, 17 «а».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.