Атырау, 29 қараша 03:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Аудан жаңалықтары

1 457 просмотра

Сиырларды сырғалау кешіктірілді

Қызылқоға ауданында малды бірдейлендіру жұмыстары (сырғалау, таңбалау, чиптеу) әлі аяқталған жоқ. Бұл мал иелері үшін қиындық туғызуда – олар малды сата алмай немесе соя алмай отыр.

Бірдейлендіру малдың есебін жүргізу үшін және жұқпалы мал ауруларына қарсы егу үшін қажет. Мал иелері бірдейлендіру жұмыстарының ұзаққа созылып кеткеніне шағымдануда, өйткені, сырғаланбаған малды сатқан мал иесі айыппұл төлейді. Алайда, «бірдейлендірілген сырғалар» әлі жеткізілген жоқ.

Осыған байланысты Қызылқоға ауданында 10 мың ірі қара, 30 мың қой, ешкі, 400 түйе төлі сырғаланбаған. Бұл туралы жақында облыстық әкімдікте өткен жиналыста айтылды.

- Малды сырғалаудың кешікті-рілуі біздің жұмысымызға кері әсерін тигізуде. Солардың бірі - малдан қан алу да тоқтап тұр. Бізге тегін сырғаның жел-тоқсанның 15-інде келетінін хабарлады, - дейді Қызылқоға ау-дандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Серікбай ЛАТИЕВ.

Биыл сырғалауға бюджеттен қаржы бөлінген, сол себепті бұл жұмыс тегін жүргізіледі.

*****

Балалар жатақханасы

Индер ауданы Есбол ауылында 70 орындық интер-нат-жатақхана ашылды.

Оның құрылысына облыстық қазынадан 212 млн теңге бөлінді. Бұл қыстақтарда тұратын малшы отбасыларының балалары үшін салынған. Аудан әкімі Серік АРЫСТАННЫҢ айтуынша, қазір апатты жағдайға жеткен үш мектепті жөндеу мәселесі шешілуде. Аққала және Құрылыс ауылдарында жаңа мектептер салынуда. Енді Ынтымақ ауылында мектеп құрылысын салу жоспарланып отыр.

*****

Қарттарға көмек

Демеушілердің арқасында қарттарға 1 млн 200 мың теңгенің көмегі көрсетілді. 10 зейнеткер «Атырау» шипажайына демалуға жолдама алды.

Қазір Мақат ауданында 2 357 зейнеткер тұрып жатыр. Оның ішінде 1 Ұлы Отан соғысының ардагері және 80 тыл ардагері бар.

*****

Аудандар бірлігі

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒА-ЛИЕВ Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Келісім тарихи, кәсіпкерлік бағытта бірлесе тәжірибе алмасуға ықпал етпек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.