Атырау, 26 қараша 05:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қақтығыстар Израиль экономикасына соққы болуда

1 083 просмотра

Толассыз қақтығыстардан иерусалимдік кәсіпкерлердің табысы 50%-ға қысқарды.

Бұл туралы Израильдің салық басқармасы хабарлап отыр. Дегенмен Үкімет оларға өтемақы төлеуге ниетті емес. Қауіпсіздікке түскен сызат елдің экономикасына ауыр тиіп отыр. Көптеген көрсеткіш күрт төмендеп кеткен. Әсіресе туризм саласы ақсап тұр. Мұндағы сауда 80%-ға кеміген. Бұл – Еуропа мен АҚШ-тан келетін саяхатшыларға қатысты жағдай. Ал ТМД елдерінің тұрғындары Израильдегі демалыстарынан бас тартпайтын сыңайлы. Борис Воловик, экскурсия жетекшісі: - Теледидардан жағдайларыңызды көріп отырмыз, ол қауіпті ме деп хабарласып, хат жазып жатады. Мен оларға теледидарда қауіпті шығар, ал біз әлі қыдырып жүрміз деп жауап беремін. Әрине, шетелдіктердің үрейін түсінуге болады. Бірақ ағылшын тілді нарықта жағдай бұдан да нашар деген ақпар бар.

Дереккөз: 24.kz

14 қазан 2015, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.