Атырау, 29 қараша 03:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Нұрлан Балғымбаев қайтыс болды (толықтырылды)

8 768 просмотра

Бүгін, 14 қазанда Атырауда 68 жасқа қараған шағында бұрынғы премьер-министр Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ ауыр әрі ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.

Нұрлан Өтепұлы мансабын Қазақстанның мұнай компанияларындағы жұмысынан бастады. Алты жыл Мәскеуде КСРО мұнай газ өндірісі Министрлігінің бірнеше бас басқармалар бастығының орынбасары болып қызмет етті, кейін Массачусетс университетінде білім алды, «Шевронда» тәжірибеден өтті, мұнай және газ өндірісі министрі, «Қазақойл» президенті, ҚР премьер-министрі (1997-1999 ж.ж.), содан соң қайтадан «Қазақойл» басшысы лауазымдарын атқарды. Мемлекеттік қызметтен кеткен соң жеке бизнеспен айналысты, «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ директорлар кеңесін басқарды.

2008 ж. ақпаннан бастап - ҚР Президентінің кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы өкілі болды. 2009 ж. желтоқсаннан бастап — Eni итальяндық мұнай-газ компаниясымен бірге жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бас директор болды.

Ауыр науқастанып жатқан жерлесінің халін сұрап, Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, Болат ӨТЕМҰРАТОВ келген болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Атырауға соңғы сапары кезінде Нұрлан Өтепұлының көңілін сұрап, үйіне кіріп шықты. Осылайша өзінің ең сенімді серіктестерінің бірімен қоштасты.

Нұрлан Балғымбаевты жерлеу рәсімі жұма күні, 16 қазанда Атырауда өтеді: жаназа намазы сағат 8.00-де үйде («Атырау» шипажайы маңындағы жағалауда), қоштасу рәсімі сағат 9.00-да Д. Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайында басталады.

Өз ақпаратымыз

14 қазан 2015, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.