Атырау, 8 мамыр 06:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Пәтер алғандар абыржулы

2 332 просмотра

Image 0Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды.Тамыздың басында 90 жас отбасы «Жас Отау» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болған еді, алайда оларды жаңа пәтерге қоныстанды деуге әлі ерте.

Халықаралық Жастар күні қарсаңында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ салтанатты түрде Нұрсая ықшамауданы, 14 көше, 21 үй мекенжайындағы 90 пәтердің кілтін табыстаған болатын. Алайда отбасылар өздерінің жаңа баспаналарына кіре алмай отыр, себебі, үйде жарық та, газ да жоқ, су тек үшінші қатарға дейін көтеріледі. Газды барлық тұрғындар пәтерлерге қоныстанған соң қосуға уәде беріпті. Бірақ басты қиындық – электр желісінің болмауы. Салқындық басталды, тұрғындар жылу маусымына дейін заттарын әкеліп, жаңа қонысқа көшкілері келеді.

- Біз кілт қолымызға тиген бойда жаңа үйге көшіп келетінімізге сенімді болдық. Сондықтан заттарымызды тасып, бастысы, балаларымызды Нұрсаяға жақын жердегі балабақшалар мен мектептерге ауыстырып алдық. Ал енді қиындықтарға тап болдық. Күн сайын дерлік жаңа пәтерге барып, жарық берген-бермегенін қарап отырмыз, - деп шағымданады үйлеріне көше алмай жүрген тұрғындар.

- Аптаның соңында үйде жылу да, жарық та болады, - деп сендірді «Жас Отау» ЖШС директоры Нұрлан САРЕКЕНОВ.

Н.Сарекеновтың айтуынша, «Жас Отау» ЖШС құрылыс мердігері болып табылады және ары қарай үйлерге қызмет көрсетумен де аталған фирма айналысатын болады.

- Қазіргі кезде үйді жақын жердегі қосалқы станцияның уақытша желісіне қосады, 2-3 айдан кейін бізді жобада қарастырылған қуаттылық бойынша тұрақты желіге ауыстырады. Жылу қазір бар. Судың қысымына келетін болсақ, сызбаны өзгертіп, қосымша насос қостық, енді жоғары қатар тұрғындарының сумен қамту бойынша еш қиындықтары болмайды, - деп сендірді ол.

Электр қуатын берудің кешеуілдеуі сыртқы желілердің тек тамызда жасала бастағанымен түсіндіріледі, оған дейін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, конкурс өткізілген. Газ үйге дейін тартылған, алайда пәтерлерді газға қосу барлық тұрғындар қоныстанған соң жүзеге асады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 қазан 2015, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.